Ақмола облысында көліктің ішінен 2 адамның мәйіті табылды

Өлімнің алдын-ала себебі - көміртегі тотығымен улану.

Ақмола облысында көліктің ішінен 2 адамның мәйіті табылды
Полиция. Фото: ҚР ІІМ

Ақмола облысында көліктің ішінде көміртегі тотығымен уланған екі адамның денесі табылды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыздың 5-і күні сағат 08:05 шамасында Есіл аудандық полиция бөліміне Есіл қаласындағы автожуу аумағында «Audi A6» көлігінің салонынан екі адамның денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті.

«Анықталғандай, екі жас жігіт түнде көлік жуу орнына кіріп, көліктің ішінде ұйықтап қалған. Олардың денесінен зорлық-зомбылықтың іздері табылған жоқ. Сараптама тағайындалды. Өлімнің алдын-ала себебі - көміртегі тотығымен улану», - деді Kazinform тілшісінің сауалына берген жауабында Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.