«Қазавтожол» ауыр жүк көліктерінің иелерінен негізсіз ақы алып келген

Прокуратура елді мекендердің тұрғындары үшін «абоненттік төлем» енгізу мәселесіне бастамашылық жасады,

«Қазавтожол» ауыр жүк көліктерінің иелерінен негізсіз ақы алып келген
Жүк көлігі. Фото: Бас көлік прокуратурасы
904

Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесіне қатысты талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады.

ҚР Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген.

Ақылы учаске Көкшетау қаласы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының 304 шақырымынан басталады, алайда бірінші бақылау аркасы 309 шақырымда орналасқан. Пайдаланушыға ақылы автомобиль жолына кірген кезде және бақылау аркасы арқылы өту кезінде жол операторының жария шартының талаптары қолданылатынын атап өткен жөн. Мұндай жағдайларда кәсіпкерлік субъектісі үшін 5 км жол жүрудің құны 50 км-ге тең болды, - делінген хабарламада. 

Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңгеге 605 бизнес субъектісіне жол жүру үшін есептелген сома жойылды, ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралуда.

Сонымен қатар, прокуратура елді мекендердің тұрғындары үшін «абоненттік төлем» енгізу мәселесіне бастамашылық жасады, ол профильді министрлікте қолдау тауып келісу сатысында.

Серіктес жаңалықтары