ХҚКО мереке күндері қалай жұмыс істейді?

8 наурызды мерекелеуге байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары бұл күні жұмыс істемейді.

ХҚКО мереке күндері қалай жұмыс істейді?
ХҚКО. Фото: 2gis

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-лары наурыз айындағы мереке күндері қалай жұмыс істемейді.

«Наурыз мейрамында да, яғни 21-25 наурыз аралығында аталған мемлекеттік орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Бұл ретте кезекшілер сенбі, 9 және 25 наурызда сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесіне 26 наурыздан бастап оралатынын ескертеміз.