Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Асланбек Шымбергенов алғашқы қарсыласы Сэм Мороватиді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңгені белгілі болды.

Лицензиялық турнир: Асланбек Шымбергенов техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Асланбек Шымбергенов. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 71 келідегі әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Асланбек Шымбергенов алғашқы қарсыласы Сэм Мороватиді 2-раундта техникалық нокаутпен жеңгені белгілі болды.

Енді Асланбек келесі айқасын 7 наурызда өткізеді.