Италиядағы лицензиялық турнир: Римма Волосенко екінші кездесуде жеңіске жетті

Римма Волосенко үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді7

Италиядағы лицензиялық турнир: Римма Волосенко екінші кездесуде жеңіске жетті
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирдің екінші айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Olympic.kz сайтының дерегінше, 60 келіде сынға түсетін ол турнирдегі екінші жекпе-жегінде венгриялық Петра Сабомен кездескен еді. 

Бұл сында қазақстандық боксшы айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді. 

Осылайша, Волосенко лицензиялық жарыстың  1/8  финалына жолдама алды.