391
Қазақ-түрік лицейлері Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді
Қазақ-түрік лицейлері Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейді
2 наурызда Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркия білім министрлігі басқаруына өтетіндігін айтқан болатын деп хабарлайды inform.kz.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығарды. Бұл туралы министрліктің ресми мәлімдемесінде айтылды. «ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білім-инновация лицейлерінің» толықтай қазақстандық білім беру мекемелері екендігі туралы, сондай-ақ олардың өз қызметін қалыптасқан жағдайда жалғастыратыны туралы ресми мәлімдейді. Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уяныктың 2 наурыз күні қазақ-түрік лицейлерінің (ҚТЛ) Түркияның білім министрлігі басқаруына өтетіндігі туралы айтқан болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай шараның болу ықтималдығының өзін ресми түрде жоққа шығаратыны туралы мәлімдейді. ҚТЛ «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылып, қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Сонымен қатар жаңа атау берілген оқу орындарының жұмысы өзгермейтіндігі аталып өтілді.
«ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша бірігіп мәлімдеме жасайды. Оған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды Түркия елшісінің жасаған мәлімдемесі бойынша алаңдамауларын сұрайды. «Білім-инновация лицейі» жұмысының әдеттегі тәртібі өзгеріссіз қалады», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, «Білім-инновация лицейі» - жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылған.