Алматыда ана мен баланы автобус қағып кетті

Оқиға бүгін таңғы уақытта қаланың Медеу ауданында болған.

Алматыда ана мен баланы автобус қағып кетті
Скриншот
1902

Алматыда бағдаршамның жасыл түсіне жолды кесіп өткен ана мен баланы автобус қақты.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы уақытта қаланың Медеу ауданында болған.

«Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға қарай бұрылған кезде бала жетектеген әйелді қағады. Олар шығыс бағытта бағдаршамның жасыл түсіне жол бөлігінен өтіп бара жатты. Әйел сол жердегі жақын ауруханалардың біріне жеткізілді. Бала зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Серіктес жаңалықтары