1453
Ақтауда 5-қабаттан секіріп кетпек болған қыз іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)
Оқиға 3 наурыз күні 32б шағынауданындағы "Amanat" тұрғын үй кешенінде болған.
Полиция көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болған қызға іздеу салды, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.
3 наурыз күні 32б шағынауданындағы "Amanat" тұрғын үй кешенінде 20 жастағы қыз суицид жасамақ болды.
Полицияның мәліметінше, терезеден секірмек болған бойжеткенді райынан қайтарып, құтқарып қалған. Содан кейін ол белгісіз бағытта үйден шығып кеткен.
Қазір іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция.