Скринингтен ерте өткен жүкті әйелдерге 20 мың теңге берілуі мүмкін

Скринингтен ерте өткен жүкті әйелдерге 20 мың теңге берілуі мүмкін

Скринингтен ерте өткен жүкті әйелдерге 20 мың теңге берілуі мүмкін
ашық дереккөзі
223
Скринингтен өткен жүкті әйелдерге 20 мың теңге төлеу қажет. Шығыс Қазақстан облысының дəрігерлері министрлікке осындай ұсыныс жасап отыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Бұл қаржылай ынталандыру құрсақтағы шарананың денсаулығындағы ақауды ерте анықтау үшін қажет, - дейді дәрігерлер. Жергілікті медициналық университеттің дерегінше, облыстағы бір ғана Семей қаласының өзінде болашақ аналардың 43 пайызынан түрлі патологиялар анықталған. Ал Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының есебінше, дүниеге келген əрбір 1000 баланың 323-інің денсаулығында қандай да бір ақау бар. Алайда, аяғы ауыр əйелдер кеңес алуға кезекке тұрғанымен, скринингтен өтетіндер саусақпен санарлықтай. Сондықтан олар қаржылай ынталандыру қажет деп отыр. Төлебай Рақыпбеков, Семей қаласының медициналық университет ректоры: Ынталандыру керек. Егер əйел 12 аптаға дейін, одан кейін 20 аптаға дейін қайта келсе, ақша беру керек. Сонда олар келетін болады. Көбісі дені сау бала керектігін түсінгенмен, скринингке мəн бермейді. Халыққа екі рет келгені үшін 20 мың теңге сыйлау жеткілікті, деп ойлаймын.

Серіктес жаңалықтары