927
Көктайғақ, тұман, жел: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, антициклон жотасы еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында құрғақ, желсіз ауа райының қалыптасуына ықпал етеді.
Қазақстаның қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар жауады, бұрқасындатып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста көктайғақ болуы ықтимал. ҚР бойынша тұман түседі.