Елордада тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Өрт салдарынан айналаға қою түтін тараған

Елордада тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ашық дереккөз

Өрт сағат 18:38-де Нәжімеденов 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтерден тұтанған, деп жазады turkystan.kz.

38 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 15 бала бар.

Өрт салдарынан айналаға қою түтін тараған.

Жалынды ауыздықтауға 29 адам мен 8 техника жұмылдырылды.