766
Қызылордада талға соғылған көлік жанып кетті
Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады
Қызылорда қаласында жол бойындағы талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оқиға облыс орталығындағы Сүлейменов көшесі №37 тұрғын үйдің тұсындағы жол бойында бүгін, сағат 2.25 шамасында болған.
Жол бойындағы талға соғылған «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанды. Өрт сағат 2.39 минут өткенде толық сөндірілді, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады.
Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөлімі, жедел жәрдем бригадасы, Қызылорда электр тарату торабынан мамандар қызмет атқарды.