Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің жартылай финалына өтті

Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады

Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің жартылай финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 609-сатыда тұрған боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен сынға түсіп, ойын 6:4, 6:3 есебімен Попконың пайдасына шешілді.

Қазақстандық спортшының жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.