Тұрақты даму мүддесіне қатысты дөңгелек үстел өтті
Биыл – БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық онжылдығы
«Коммуникацияның жаңа дәуірі: бір дауыс». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.
Биыл – БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық онжылдығы. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Германия және Франция университеттерінің оқытушылары, студенттері, магистрлері мен докторанттары, БҰҰ Ақпараттық бюросы, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты өкілдері қатысты.
Ғылыми іс-шарада БҰҰ-ның Орталық Азиядағы орнықты дамуы мүддесінде ғылымның халықаралық онжылдығы міндеттерінің маңыздылығына назар аударылды. Ғалымдар БҰҰ тұрақты даму мақсатында университеттің ғылыми зерттеулерін ілгерілетуде жаһандық коммуникациямен байланыстырылды. Сондай-ақ, ақпараттың қол жетімділігі мен тиімділік мәселелері көпшілікке ұсынды.