Шымкентте 6 жастағы баланың қолы батареяның арасына қысылып қалған

Оқиға көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде болған.

Шымкентте 6 жастағы баланың қолы батареяның арасына қысылып қалған
ТЖМ

Шымкентте ойнап жүрген 6 жастағы баланың қолы үйдегі жылу батареясының арасына  қысылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға 28 ақпан күні Қазыбек би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде болған.

«Бұл туралы құтқарушыларға сағат 12:07-де  хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдардың көмегімен баланың қолын батареядан шығарып берді», – делінген хабарламада.

Осы ретте төтеншеліктер тұрғындардан балаларын қараусыз қалдырмауды және мұқият болуды сұрайды.