Шымкентте жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған.
Шымкентте Жібек жолы көшесі бойындағы «Люкс» моншасының алдында атыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға кеше, 27 ақпанда кешкі сағат 8-ден шамасында орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған.
«Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған», – делінген хабарламада.
Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.