Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды

Биыл коммуналдық қызметтер тарифтері орташа есеппен 6%, халық үшін шамамен 9 пайызға өседі.

Алматыда 1 наурыздан бастап электр қуаты қымбаттайды
Электр энергиясы. Фото: pixabay
759

Наурыз айынан бастап «Алматы электр станциялары» АҚ инвестициялық бағдарламасына енгізілген өзгертулер мегаполистегі жеке және заңды тұлғаларға арналған тарифтерге әсер етеді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева айтты.

Спикердің сөзінше, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыру 2029 жылға дейін көзделген. Биыл коммуналдық қызметтер тарифтері орташа есеппен 6%, халық үшін шамамен 9 пайызға өседі.

Сонымен қатар, ол өзгерістер Бірыңғай сатып алушы үлгісін енгізу және қызметкерлердің жалақысын арттырудан тұратынын атап өтті.

Орташа жеткізу тарифі қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) 1 кВт сағатқа электр энергиясының құны 28 теңге.

Ал тұтынушылар санаттары бойынша тарифтер келесідей өзгереді:

– азаматтар үшін ҚҚС-сыз 10%-ға 25,55 теңге/кВтсағ дейін өседі;

– заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 11%-ға 29,73 теңге/кВтсағ дейін өседі;

– бюджеттік ұйымдар үшін – ҚҚС-сыз 10%-ға 32,73 теңге/кВтсағ дейін төмендейді.

– ӘМАТ (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары) өндірушілері үшін ҚҚС-сыз 28 теңге/кВтсағ.

«Электр энергиясына тарифтерді саралауды жою жөніндегі жоба шеңберінде департамент 8,7% мөлшерінде көрсеткішке қол жеткізді (орташа көрсеткіш пен халық үшін тариф арасындағы алшақтық)», - деп толықтырды Әсел Бөденеева.

Серіктес жаңалықтары