1096
«Тарбағатай» ұлттық паркінің басшысы ағасына 4 жыл бойы заңсыз жалақы төлеп келген
Заңсыз алынған жалақы өндірілді
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» қызметкері заңсыз жалақы алып келген, деп хабарлады turkystan.kz.
Абай облысының прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады. Ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алды.
«Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді», – делінген хабарламада.
Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.