Өзбекстанда 700 домбырашы бақ сынаған дүбірлі байқау өтті

Қатысушылар  қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Сүгір, Дәулеткерей, Тәттімбет, Махамбет, Дина  сынды күй қырандарының, Балқы Базардың термелерін, сондай-ақ Тамды ауданы композиторлары туындылары мен халық күй­лерін орындап, ташкенттен келген қонақтар мен көрермендер ықыласына бөленді.

Өзбекстанда 700 домбырашы бақ сынаған дүбірлі байқау өтті
1977

Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі – ел қазынасы саналған ұлттық өнерді әлемге әуелеткен асыл дәстүр. Ата-бабаларымыздан ұрпақтарға асыл мұра болып сабақтаса түскен күй өнері, жыршылық пен домбыра тарту сондай-ақ оркестр орындауында қазақтың әндерін шарықтатып, шебер орындау сынды мақсатты шоғырландырған өнерлі жастардың ән-күй байқауы тамдылық өнерпаздар басын біріктірді. Домбырашылар байқауының мақсаты – Науаи облысының нағыз қазақ ауданы Тамдыдағы  ауыл жастары арасында қазақтық ұлттық аспаптары орындауында ән мен күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін  арттыру еді.

24 ақпан күні  17 ауылдан келген 700-ге жуық жас домбырашылар Тамды аудандық мәдениет үйінде “Домбырашы жастар байқауы -2024” өзара күш сынасып, өнерін ортаға салды. 

Жастар арасында бес үстем бағытта ен жайдыру, сондай ақ  талантты өнерпаздарды анықтап, халқымыздың төл мәдениетін, дәстүрлі терме, жыраулық пен оркестр орындауындағы ән-күй мәдениетін өскелең ұрпаққа дәріптеу сынды мақсат міндетті өз ішіне алған байқау осы жылы тоғызыншы рет өткізілді. Өнер сайысын Тамды ауданы әкімдігі, аудандық мәдениет бөлімі, аудандық мектепке дейінгі және мектепке білім беру бөлімі, аймақтық Жастар ісі агенттігі  ұйымдастырды. Тамдылық өнерпаздар дарындардың басын қосқан дәстүрлі байқаудың ұйымдастырушысы бүгінде аудан әкімінің жастар саясаты және әлеуметтік дамыту мәселелері бойынша орынбасары Нұрлан  Бекназаров. 2015-2016 жылдары Жастар Одағының басшысы қызметіндегі білікті маман аудандық халыққа білім беру бөлімі мен аудандық мәдиниет қызметкерлеріне өнерлі жастар байқауын ұйымдастырып,  қазақтың ұлттық өнері –домбыра тарту, жыраулық және қазақтың ұлттық биін ұрпаққа жалғастырумен оны дәріптеу бастамасын көтереді. Мәдениет қызметкерлері мен ауыл мектептері оқушылары қолдауын тапты. Бүгінде жыл сайын ақпан-наурыз айларында көрермендер мен тамдылық жалынды жастар асыға күтетін өнер сайысына айналып, үлгерген байқау шарттары жыл сайын күрделеніп отырады. Домбырадан басқа ұлттық аспаптар – қобыз, саз сырнай, баян, шылдырмақ т.б.  қосылып, балалар өнері түрлі ұлттық аспаптарда  көрініс табады.

Байқауда жас домбырашылар бес шарт: таныстыру, оркестр ойындауындағы топтық ән, ұлттық би, өз ауылы мен аудан жайлық қазақша топтық хор, ұлттық фольклор әні -терме (бір жас жырау орындауында) айту бағытында өнер көрсетті. Қатысушылар  қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Сүгір, Дәулеткерей, Тәттімбет, Махамбет, Дина  сынды күй қырандарының, Балқы Базардың термелерін, сондай-ақ Тамды ауданы композиторлары туындылары мен халық күй­лерін орындап, ташкенттен келген қонақтар мен көрермендер ықыласына бөленді. Алғашқы жылдары 5-6 домбырашы топтармен сайысқа келген ауыл балалары биылғы байқауға тыңғылықты дайындық көрген, ұлттық киімдері де су жаңа, әр топта 30-40 бала кейбірінде 50-60 домбырашы өнерін көрермендерге ұсынды.

Шараны Тамды ауданы әкімі орынбасары Нұрлан Бекназаров ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауды  Тамды ауданының  жезтаңдай әнші, ардагері Сайын Базаров,  аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісі Жұлдыз Өтемұратова мен кенимехтық кәсіби домбырашы мүғалім Абай Абдіраззақов, үшқұдықтық әнші, ұстаз, музыкант Қайрат Ахметов, Зафарабад қалашығы мәдениет үйі әншісі, солист Сати Ваитова мен  зейнеткер хереограф ұстаздардан тұратын қазылар алқасы  өнерпаз балалар дарынын бағамдады.

Байқау нәтижесіне орай жүлделі ІІІ орынды Ақтау ауылдық азаматтар жиыны №6 мектеп, Тамдыбұлақ ауылындағы №1 мектептің талантты жастары, жүлделі ІІ орынды  Керегетау ауылдық азаматтар жиынындағы қос мектеп №13 жырықтық өнерпаздар және ортақұдықтық №14 мектеп домбырашылары, ал  Рахат ауылынан келген №16 мектептің оркестр тобы мен Жаңашаруа ауылының №7 мектебінің домбырашы өнерпаздары жүлделі І орынды иеледі.  «Бас жүлдеге» №12 мектептің дарынды домбырашылары   лайық деп табылып, байқауда орындаушылық шеберлігі, оркестр орындаған ән-күйінің көркемдік деңгейі және сахналық мәдениеті мен ұлттық киім үлгісі, дарыны арқылы қатарластарынан оза шауып, биіктен көрінді.

Таңертең саған 9-00 басталып түнгі 23-00ге дейін созылған тартысты әрі тартымды байқау Тамдыбұлақ ауданындағы өнерпаздардың кеше мен бүгіннің мәңгілік үндескен рухани жаңғыруы сынды көрермендерге ыстық ықыласын жағары деңгейдегі мәдени дәрежесін паш ете түскендей.  Әрбір қатысушының шығармашылық ынта-жігерін дамытқан, ән-күй байқауы ауыл балаларының  болашақта талантты музыкант, композиртор, өнерлі  биші, дарынды  өнерпаз болуына бастапқы қадам бола алды.

Марапаттау рәсімі гала-кон­цертке ұласып, байқау қа­тысу­шыларына ұйымдастырушылар жағынан  диплом және бағалы сыйлықтар тарту етілді.

 

Серіктес жаңалықтары