Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды

Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
polisia.kz

Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен автожолының 211 шақырымында жол апаты болды. Toyota Camry жүргізушісі, рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.