Сарыағашта әйел мешітте жаюлы жатқан кілемдерді ұрлап кеткен

Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр

Сарыағашта әйел мешітте жаюлы жатқан кілемдерді ұрлап кеткен
Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері мешіттен кілем ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шаралары кезінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдікке ілінген әйел түнгі сағат 01:00 шамасында мешіттердің біріне келіп, ішінде төсеулі тұрған екі бірдей кілемді алып кеткен.

Тәртіп сақшылары әйелден айғақты зат ретінде кілемдерді тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.