ҰҚК шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталды.

ҰҚК шекарадағы көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді
pixabay.com

Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектетілді, деп хабарлады turkystan.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталды.

Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:

-Қазақстан-Қырғыз учаскесі («Қарасу» өткізу пункті);
-Қазақстан-Өзбекстан учаскесі («Тәжен», «Қазығұрт» өткізу пункттері);
-Қазақстан-Ресей учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.
 

«Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс жасайтынын хабарлайды. Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады», – делінген хабарламада.