Астанадағы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдікті ұсталды

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанадағы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдікті ұсталды
polisia.kz

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

«Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. «Тосқауыл» ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді», – делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.