1036
Шымкентте үйінен қашып кеткен 11 жастағы бала табылды
Баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Шымкенттік полицейлер үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға ақпан айында күндізгі уақытта болған.
«11 жастағы жасөспірімнің ата-анасы дабыл қағып, полиция қызметкерлердің көмегіне жүгінді. Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция полкінің инспекторлары барлық күштерді жұмылдырып, тез арада жоғалған баланың ізіне түсті», – делінген хабарламада.
Otyrar.kz сайтының дерегінше, бала аман-есен отбасына оралды.
Өз кезегінде, баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.