1644
Шымкенттегі дәмханалардың бірінде ер адам жалған доллар сатпақ болған
Сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп таныды.
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.
«Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.