856
Астанада пәтерден әйел адамның мәйіті табылды
Мамандар қазіргі таңда өрттің себебін анықтап жатыр
Астанада көпқабатты үй пәтерінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Ақбұлақ-3 шағын ауданында үйдің 4-қабатындағы пәтерде болған.
Алдын ала болжам бойынша пәтерде өрт болған. Қызыл жалын 16:26-да сөндірілді.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД 13 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылған. Мамандар қазіргі таңда өрттің себебін анықтап жатыр.