Оқушыға жәбір көрсеткен ұстаз сот алдында жауап беруде

Оқушыға жәбір көрсеткен ұстаз сот алдында жауап беруде

Оқушыға жәбір көрсеткен ұстаз сот алдында жауап беруде
ашық дереккөзі
685
Ақтөбеде мектеп оқушысы мұғалімін сотқа берді. Ұстаз Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласындағы №2 сотында оқушы мен ұстаз арасындағы дау қаралып жатыр. №10 мектеп оқушысының әжесі Гүлмираның айтуынша, мұғалім ағылшын тілі, би үйірмелеріне қатысып, ақша төлемегені үшін үнемі немересін жазғырып, кейде қол көтерген. Ата-ана алғашқы жылдары елемей, оқушы қыздың сөзіне мән бермейді. Кейін бас-ми жарақатын алып, оқушы 20 күндей балалар ауруханасында ем қабылдады. «Үнемі ұрып, немеремді қыспаққа алған екен. Ақша жинаса, біз мектепте жинауға болмайтынын айтып, кейде бермейміз. Сол себепті жаман аты шығып, мұғалім қырын қарай бастаған. Соңында бала «бас-ми шайқалуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Сол кезде жиналыс болды, қалалық білім бөлімі келіп, қарады, мұғалім Мадина Жұмабаеваны басқа мектепке ауыстырды. Ал немереме енді сыныптастары «сенің кінәң бар, мұғалім кетіп қалды» деп тиісіп, шеттетіп жатыр. Бала оқуға құлықсыз, жан-жақтан қысым бар»,- деді оқушының әжесі Гүлмира. Оқиғадан соң мектеп мұғалімі Мадина Жұмабаева ата-анадан кешірім сұрап, сотқа бермеуін өтінген. Бірақ жәбірленуші тарап денсаулыққа зиян тигізіп, баланы моральдық қиындыққа душар еткен ұстаздың білім ордасында жұмыс істеуіне қарсы болып отыр. Жәбірленуші тарап сот отырысы кезінде бейне, аудио дәлелді алға тартып, ауруханада алған медициналық анықтама арқылы өздерінің арызын дәлелдеп шықпақ. Олар білім саласындағы олқылықтар туралы прокуратураға да арыз түсіруді көздеп отыр. Сот отырысы 14 наурыз күні болады.  

Серіктес жаңалықтары