Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді

Профилактикалық шара барысында 380 текше метр қар тау етегіне түсті

Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді
24.kz

Алдын алу жұмыстарына «Қазселденқорғау» мамандары мен құтқарушылар және спорттық-сауықтыру кешенінің қызметкерлері тартылды, деп жазады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Теңіз деңгейінен 2600 метрден астам биіктікте орналасқан тау бөктерінде 5 жарылыс болды. Профилактикалық шара барысында 380 текше метр қар тау етегіне түсті.

Еліміздің шығысында да көшкін қаупін жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Өскемен-Алтай» бағытындағы беткейден 22 мың текше метр қар түсірілді. Мамандар, тауға шықпас бұрын көшкін қаупі туралы дауылды ескертудің бар-жоғын тексеру қажеттігін ескертеді.