Cемейде балабақша өртенді

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Cемейде балабақша өртенді
Семей ТЖД

Кеше кешкі сағат 17:37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қаласы Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады. Өрт сағат 18.05-те оқшауланды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 техника жұмыс істеді.