Рыбакина Дохада әлемнің 1-ракеткасына жол берді

Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездессе, соның үшеуінде Рыбакина жеңіске жеткен

Рыбакина Дохада әлемнің 1-ракеткасына жол берді
wtatennis.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Доха WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен сынға түсті.

Ига Швентек Қатардағы Доха додасында үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. Енді Рыбакина алдағы аптада Дубайда дәл осындай жарыста бақ сынайды.