Абай облысында төтенше жағдай енгізілді

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады

Абай облысында төтенше жағдай енгізілді
polisia.kz
856

Абай облысының аумағында биіктігі 80 см-ге дейін қалың қар жауып, өңірде төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұру шектелді.

Абай облысының жолшылары мен ТЖҚ көмегімен «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 970-995 км учаскесінде 385 адам эвакуацияланды. Жылдам көмек көрсету мақсатында тек жер үсті ғана емес, сонымен қатар әуе қызметтері де тартылды.

Бүгінгі таңда Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашылды. Жүріс бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол қызметтері жолда қалған көліктерді жылытуға көмектесуде. 

Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады.

Серіктес жаңалықтары