Алматыдағы барахолка базарынан өрт шықты

Өртті сөндіруге 92 маман мен 25 техника жұмылдырылған

Алматыдағы барахолка базарынан өрт шықты
Видеодан алынған кадр

Алматыда барахолка базарындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

17 ақпан сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күш-құралдары Жетісу ауданы Көкмайса, 27 мекенжайына аттанған.   

Алдын ала мәлімет бойынша, қойманың төбесі жанған.

Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт оқпандары қойылды. 

Жедел штаб құрылды, өрт екі учаскеде сөндіріліп жатыр. 

Жеке автотехника кедергі жасады, өзара іс-қимыл қызметтері нысанды токтан ажырату үстінде.  

«Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік техникасын сақтай отырып сөндіріп жатыр. Өйткені қоймада жарылғыш заттар бар. Жұмысты сол қиындатып тұр. Қала бойынша жағдай бейнебақылау арқылы ТЖД бақылауында», - деп хабарлады ведомстводан. 

Өртті сөндіруге 92 маман мен 25 техника жұмылдырылған.