Жетісу облысында жоғалып кеткен малшы табылды

Ол сағат 05:00-де мал жаюға шыққан

Жетісу облысында жоғалып кеткен малшы табылды
Облыстық ТЖД

Жетісу облысында жоғалған малшы вагон ішінен табылды, деп жазады turkystan.kz.

Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңында 1959 жылы туған Қытай халық Республикасы азаматын іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Ол сағат 05:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері дереу шықты. Сағат 17:35-те малшы Бұлақты ауылының маңында орналасқан теміржолдың рельстерінде тұрған вагонның ішінен табылды. Азаматтың қолы мен аяғы үсіп қалған. Полиция қызметкерлері күштерімен Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.