1216
Қазақстанның сегіз облысында жол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
8 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«16 ақпан сағат 15:30-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
- Абай облысында - 8 учаске (1146 км)
- Алматы облысында - 5 учаске (474 км)
- Шығыс Қазақстан облысында – 6 учаске (500 км)
- Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км)
- Жетісу облысында - 4 учаске (508 км)
- Қостанай облысында - 1 учаске (83 км)
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 учаске (163 км)
- Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 658 бірлік техника және 1429 жолшы жұмылдырылған.