16 өңірде 100 жол учаскесі жабылды

Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

16 өңірде 100 жол учаскесі жабылды
ratel.kz
941

16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында - 9 учаске (1 243 км)

Ақмола облысында - 27 учаске (2 201 км)

Ақтөбе облысында – 5 учаске (778 км)

Алматы облысында - 1 учаске (84 км)

Атырау облысында - 1 учаске (9 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске (408 км)

Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)

Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км)

Қарағанды облысында - 8 учаске (1 158 км)

Қостанай облысында - 11 учаске (1 508 км)

Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)

Павлодар облысында - 9 учаске (1 624 км)

Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1 924 км)

Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)

Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 бірлік техника және 196 жолшы жұмылдырылған. 

Серіктес жаңалықтары