ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады
tengrinews.kz
743

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15-16 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде боран болып, ау температурасы күрт төмендейді, 30-380 аяз, желдің күшеюі, көктайғақ күтілуде, деп хабарлады turkystan.kz.

Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

«Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.

Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде жасырыну қажет. Ағаштардан, ілулі тұрған конструкциялардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыздар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар», – делінген хабарламада.

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес беріледі.

«Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз. Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген үндеуде.

Серіктес жаңалықтары