Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді
primeminister.kz
1071

Үкімет отырысында Премьер-Министр орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Такиев, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әріптестерінің алдында ант берді.

«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», — делінген ант мәтінінде.

Серіктес жаңалықтары