246
Лондон Бағдадқа 12 миллиард доллар қарыз берді
Лондон Бағдадқа 12 миллиард доллар қарыз берді
Ұлыбритания билігі Ирак еліне 12,29 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз беруге келісті.
Қаржы алдағы он жыл ішінде елдің маңызды инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұл туралы Ирактың Қаржы министрі мәлімдеді. Айта кету керек, бүгінде Ұлыбритания Ирак жауынгерлерін қолдаушы АҚШ басқаратын коалицияның маңызды серіктесі. Ирактағы Корольдік елшісінің айтуынша, бөлінген қаражат лаңкестер келтірген шығынды жабуға сеп болады.
Франк Бэйкер, Ирактағы Ұлыбританияның елшісі:
- Келісім - Ұлыбританияның Иракты қолдайтынын және достығымыздың берік екенінің дәлелі. Бұл қаржы соңғы үш жылда лаңкестер қиратқан құрылымдарды қалпына келтіруге жұмсалады. Біз Ирактың дамып, қуатты мемлекет болуын қолдаймыз.