Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды

Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді

Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды
Фото ФТК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды. Есеп тең – 2:2.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды.