Странджа кубогы: финалға шыққан боксшыларымыздың кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды

Жекпе-жектті 21:30-да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Странджа кубогы: финалға шыққан боксшыларымыздың кімдермен жұдырықтасатыны белгілі болды
Ашық дереккөз

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогының финалына шыққан қос боксшымыздың қарсыластары белгілі болды, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін, 11 ақпанда 51 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Амит Пангалмен, 67 келіге дейінгі салмақта Дулат Бекбауов Раджатпен алтын медальға таласады. Екеуінің де қарсыластары үндістандық боксшылар.

Жекпе-жектті 21:30-да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.