Оралда жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус жанып кетті

Оқиға 10 ақпан күні сағат 12.59-да Мұхит көшесі бойында болды

Оралда жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус жанып кетті
БҚО Төтенше жағдайлар департамені

Орал қаласында орталық базар маңында №1 бағытта жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗель» автобусы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автобус аялдамасы жанында «ГАЗель» автокөлігі жанды. «Тілсіз жау» сағат 13.10-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 5 адам 1 техникамен жұмыс жасады. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.