Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірнеше өңірінде әлі де қолайсыз ауа райы жағдайлары басылмай тұр

Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады
Видеодан алынған кадр

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, алыс жолдарға шықпауға кеңес берді, деп жазады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауа райы күрт өзгеріп кетуі мүмкін болғандықтан, полицейлер тұрғындарға "112" қызметінің SMS-хабарламаларын міндетті түрде бақылап отыруға, кәмелетке толмаған балаларды, науқас және қарт адамдарды қараусыз қалдырмауға, құбылмалы ауа райы кезінде елді мекендерден автокөлікпен және жаяу алыс жолға шықпауға кеңес береді, - делінген хабарламада.