Спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген

Спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды
Видеодан алынған кадр
1310

Спортты дамыту дирекция басшысының орынбасары 383 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алған. Жеткізуші бағасын 3 есе көтермелеп, жалған құжат ұсынған.

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлады Антикор.

Еске салсақ, спортшылардың бірі спорт киімдерінің сапасына шағымданған.

Серіктес жаңалықтары