Қызылорда қаласында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қызылорда қаласында жол апатынан 3 адам қаза тапты
kstnews.kz

Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды, деп жазады turkystan.kz.

9 ақпанда сағат 18:55 шамасында «ВАЗ» және «КаМАЗ» маркалы автокөліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Бұл жөнінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел 102 арнасына хабарлама келіп түскен. Оқиға салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.