Астана әкімі ауа райына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады

Қарт кісілер мен балалар жарақат алмас үшін сыртқа шықпағаны жөн.

Астана әкімі ауа райына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады
baigenews.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ауа райына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Боран мен қатты желге байланысты қаланың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қала көшелерін қардан тазартып, қажет жағдайда жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуді жалғастыруда.

Қарт кісілер мен балалар жарақат алмас үшін сыртқа шықпағаны жөн.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жолда өте мұқият болуы, арақашықтықты және жол қозғалысының барлық ережесін сақтауы керек. Сол сияқты ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер, оның ішінде қаланың тас жолдарына қатысты ақпаратты назарда ұстауды сұраймын», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.