Легионерлердің келуіне қарсымын – Дәулет Ниязбеков ел чемпионатында белдескен Начын Куулар туралы

Мен легионерлердің келуіне әу бастан қарсы адаммын. Құптамаймын. Олар қазақ балуандарының жолын жабады

Легионерлердің келуіне қарсымын – Дәулет Ниязбеков ел чемпионатында белдескен Начын Куулар туралы
olympic.kz

Еркін күрестен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Дәулет Ниязбеков Қазақстан құрамасына легионерлердің қосылуына қарсы екенін айтып жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Астанада күрес түрлерінен өткен Қазақстан біріншілігін тамашалаған Дәулет Ниязбеков өзі белдескен 65 келіге дейінгі салмақтағы балуандарға, оның ішінде, Начын Кууларға қатысты өз ойын білдірді.

«65 келіде маңғыстаулық жас балуан чемпион болды. Алайда, лицензиялық турнирге Санжар Мұхтарды жіберетін шығар деп ойлаймын. Былтырғы ел чемпионы әрі тәжірибесі бар. Ресейлік легионерге келер болсам, Начынның күресетені туралы былтыр хабар тараған. Оны өткен жылғы ел біріншілігінде күреседі деп естігем. Бірақ биылғы чемпионатқа дайындалыпты. Начын мен Санжар арасындағы белдесуді толық көрмедім. Жалпы, мен легионерлердің келуіне әу бастан қарсы адаммын. Құптамаймын. Олар қазақ балуандарының жолын жабады», – дейді балуан.