Астанада жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды

10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Астанада жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды
polisia.kz
785

Астанада терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген оқушылардың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 ақпанда Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келді. Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды. Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады», – делінген хабарламада.

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
 

Серіктес жаңалықтары