856
Шымкенттегі балалар үйінен екі қыз қашып кетті
2007 жылы туған қыздар екі жігітпен кетіп қалған.
Шымкент қаласында Бархат көшесіндегі №3 балалар үйінен екі қыз қашып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, тәрбиеленушілер 5 ақпан күні сағат 19:20 шамасында мекемеден шығып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, 2007 жылы туған қыздар көлікке отырып, екі жігітпен кетіп қалған.
«Полицейлер балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін бірнеше сағат бойы іздеген. Қазіргі уақытта қашқындар Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді», – делінген хабарламада.