Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте рекордын жаңартты.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты
Instagram

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жекелей және жұптық сында теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы үштік өзгеріссіз: серб Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас, ресейлік Даниил Медведев.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орыннан 23-орынға көтеріліп, рейтингте өз рекордын жаңартты. Жақында ғана еліміздің азаматтығын алған Александр Шевченко үш саты жоғарылап, 56-орынға тұрақтады. Денис Евсеев – 177-ші, Бейбіт Жұқаев 191-орында тұр.

Жұптық сында Рохан Бопанна (Үндістан), Мэттью Эбден (Австралия) және Остин Крайчек (АҚШ) көш басында келеді.

Отандық теннисші Александр Недовесов 48-ші, Андрей Голубев 63-орынға жайғасты.