819
Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты
Матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.
Екі сағат 37 минутқа созылған матчта Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Александр Бублик финалда хорватиялық Борна Чоричпен ойнайды.